• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2023

Түркістандағы «Өнерлі өлке» фестивалі

594 рет
көрсетілді

Мәдениет пен өнерді дамыту және жастар ара­сында салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріп­теп, Түркістанның туристік әлеуетін арттыру мақса­тындағы өнер фестивалі төрт ай бойы аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері өткізіледі.

Түркістан облысы мә­дениет және туризм бас­қармасының бөлім басшысы Мұқағали Кен­жетайұлы мә­лімдегендей, «Өнерлі өл­ке» облыстық өнер фес­тивалінің ашылу салтанаты бүгін, яғни 7 сәуір күні Түркістандағы «Керуен сарай» кешенінің аумағы мен этноауылда өтеді. «Аудан-қалалардың өнер ұжымдары алдын ала бекітілген кестеге сәйкес ке­зекпен келіп, өнер көр­сетеді. Алғаш болып фес­тиваль шымылдығын Сай­­рам ауданының көр­кемөнерпаздары ашады. Фестиваль төрт айға жос­парланып отыр. Онда ау­дан-қалалар этноауыл­да суретшілер мен қол­өнер ше­берлерінің және аудан, қаланың же­тіс­тіктері туралы көр­ме­лер ұйымдастырады. Қыл­қалам, қолөнер ше­берлерін қатыстыра отырып сурет салу, қолөнер бұйымдарын дайындау жұмыстарын көрсетеді. Сонымен қа­тар ұлттық салт-дәстүр, ән-жыр, әдет-ғұрыпқа бай­ланысты көріністер де сахналанады», дейді об­лыс­тық Мәдениет және халық шығармашылығы ор­талығының директоры Мейір­жан Нұрғалиұлы.

Ал аптаның жексенбі күні «Керуен сарай» ту­ристік кешені аума­ғында әр аудан, қала мере­ке­лік концерт дайындап, кө­рермендерге ұсынады. Фестиваль қоры­тындысы бойынша үздік деп та­нылған көркем­өнер­паз ұжым­дары және ән­ші­лердің қатысуымен Га­ла-концерт ұйым­дас­ты­рылып, жеңімпаздар мара­патталады.

 

ТҮРКІСТАН