Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 7 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 18:17-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 437 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 12,0. MPV магнитудасы – 5,6. Эпицентр координаттары - 41,77° солтүстікке қарай, 81,85° шығысқа қарай. Тереңдігі - 30 км.