• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Сәуір, 2023

Түркістан облысында 150 келідей заңсыз ауланған балық тәркіленді

429 рет
көрсетілді

Түркістан облысында полицейлер 150 келідей заңсыз ауланған сазанды, 1 дана үрмелі резеңке қайығын, 2 дана шанышқы құралын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Уылдырық» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактісін анықтады.

Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балықтары, 1 дана үрмелі резеңке қайығы, 2 дана шанышқы құралы тәркіленді.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3- бөлігі «Балық, ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша тіркелді.