Алматыда баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйел жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, 41 жастағы әйел Toyota көлігін жүргізген.
«Баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйел жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі «Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау», 593-бабының 2-бөлігі бойынша Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау», деп хабарлады қалалық ІІД.
Айыппұлдың жалпы сомасы - 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 500 теңге.
«Жүргізушімен алдағы уақытта мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша заңдық-түсіндіру әңгімесі жүргізілді», деп толықтырды ведомстводағылар.