• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Сәуір, 2023

Мектеп мұғалімі әріптесінің көлігін ұрлады деген күдікке ілінді

248 рет
көрсетілді

Жетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әріптесінің автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл факт Жаркент қаласында тіркелген.

6 сәуірде аудандық полицияға Mazda-626 көлігі ұрланғаны хабарланған.

Көліктің иесі мектеп мұғалімі болып шықты, ол байқаусызда кілтті көлікте қалдырған, соны белгісіз адам пайдаланып, оны айдап кеткен.

Іздеу шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала шетіндегі үйлердің бірінен тауып, заңды иесіне қайтарды.

Күдікті де жәбірленуші сияқты білім мекемесінің қызметкері, оның әріптесі болып шықты. Жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.