Астанада Анатолий Храпатый көшесінде Volkswagen көлігі өртеніп кетті. Оқиға 9 сәуір күні түс ауа мектеп маңында болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері мен бір техника жұмылдырылды. Сағат 15.52-де өрт ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ.
Ведомство мәліметінше, өрт көліктің багаж бөлігінен шыққан.