• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Сәуір, 2023

Ақтөбеде жалған құжат рәсімдеген колледж директоры сотталды

295 рет
көрсетілді

Ақтөбеде колледж директоры жалған құжат жасағаны үшін сотталды. Ол сыныптасына мектеп аспаздарының біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы сертификаттар жасап, жұмысы үшін 14 мың теңге алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала мектептерінің бірінде қызмет ететін аспаз қажетті құжаттарды рәсімдеу мақсатында сыныптасының көмегіне жүгінген. Ол оқу орнының басшылығы оларды біліктілікті арттыру курстарына жіберуге мәжбүрлеп жатқанын айтқан.

Колледж директоры оған «Мектеп оқушыларын тамақтандырудың заманауи технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат жасап беруге уәде берген, оған қоса шын мәнінде сабаққа барудың қажеті жоқ деп түсіндірген. Сыныптасы мен оның әріптесіне өзінің компьютерінен екі сертификатты шығарып, қолын қойып 14 мың теңге алған.

Нәтижесінде, 60 жастағы колледж директорының айла-амалдары әшкереленіп, оған алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот оның куәліктерінің нысаны заңды, бірақ мазмұны бойынша жалған екенін анықтады.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Сот оған 140 мың теңге айыппұл салды. Сот үкімімен ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.