«Сейсмологиялық тәжірбие-әдістемелік экспедициясы» ЖШС таратқан ақпарат бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сейсмологтардың мәлімдеуінше, жерасты дүмпуі 10 сәуір күні сағат 9:31-де тіркелген.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 10.1.MPV магнитудасы: 4.5.
Эпицентрдің координаттары: 42.04° с. е. 81.90° ш. б.
Тереңдігі: 10 км.
Сезілгені туралы мәлімет (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.