Бразилиядағы Маранхао штатында алапат су тасқыны болып жатыр. Осыған байланысты 53 қалада төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маранхаоның әскери құтқару департаменті хабарлағандай, су тасқынынан 36 мыңға жуық адам зардап шекті. Соның сегіз мыңы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Оған қоса табиғи апат салдарынан 6 тұрғын көз жұмды.
Апат аймағына ел президенті Лула да Силва сапар шегіп, жергілікті халықпен кездесті.