12 сәуір - Ғылым саласы қызметкерлерінің күні, Қаныш Сәтбаевтың туған күні, Ғарышкерлер күні.
12 сәуір 2011 жылы ғылым қызметкерлерінің күні болып бекітіліп, 2012 жылдан бастап аталып өтуде.
Қазіргі кезде елімізде 414 ғылыми мекеме, 22 456 мың ғалым мен зерттеуші бар.
Президент жыл сайын ғылымға ерекше назар аударылуы керегін атап өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Отандық ғылымды дамыту мәселесі – үнемі менің жеке назарымда. Бұл саланың еліміз үшін айрықша мәні бар. Себебі ғылымның бүгінгі дамуы – елдің ертеңгі табысының кепілі», деген болатын.
Сондай-ақ дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.
Ол қазақ қоғамының дамуына үлес қосқан талантты азаматтардың бірі. Қаныш Сәтбаев 1942 жылы СССР ғылым академиясының қазақ филиалы Президиумының председателі болып тағайындалған болатын. Қысқа мерзім ішінде филиал Қазақстандағы ғылыми штатқа айналды. Ал 1946 жылы Қазақ СССР ғылым академиясының құрылуына, қазақ ғылымының дамуына ықпал еткен. Әрі Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті болды.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа ұшқан болатын. Содан бері бұл күн ғарышкерлер күні болып аталып өтіп келеді.
Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961 жылы) бастап бүгінге дейін 500-ден астам адам ғарышқа ұшқан.
Олардың арасында қазақтың үш ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов бар. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут, Талғат Мұсабаев 341 күн 9 сағат 48 минут, ал Айдын Айымбетов 9 күн 20 сағат 13 минут болған.