Жаңаөзенде жолды жауып тастағаны үшін ұсталған 24 адам босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жаңаөзенде жолды жауып тастағаны үшін ұсталған 24 адам профилактикалық әңгімеден кейін үйлеріне жіберілді», делінген хабарламада.
Бұған дейін Жаңаөзенде бір топ азамат жолды жауып, азаматтардың қозғалысына кедергі жасаған еді. Қоғамдық қауіпсіздікті және көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері оларды қалалық ішкі істер бөліміне жеткізген болатын.