Маңғыстау облысында соғды қызғалдағы гүлдеді. Ол тек құмды және сазды шөлдерде өседі, деп жазады Egemen.kz.
Бірегей қызғалдақтарды биолог Мәлік Нөкісбеков түсірген. Ол суреттерін Instagram парақшасында жариялады.
Соғды қызғалдағы – Қазақстанның қызыл кітабыңа енген, сирек кездесетін қызғалдақтарға жатады. Биіктігі 10-25 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 см, қара қоңыр, терілі, қатты, ішкі жағы түкті қабықты.