Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтарға профилактикалық және ескерту SMS-хабарламаларын жібере бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR азаматтарға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік қарастырылатыны туралы ескертеді.
«Пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу қылмыс», делінген хабарламада.
Осыдан кейін қазақстандықтарға «мемлекет қамқорлығындағы адал кәсіпкерлік» және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау ауыр қылмыс екені туралы екінші хабарлама келеді.