• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2023

Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмды

304 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Ақсу қаласының маңында жол апаты болып, 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 9 сәуір сағат 20:30 шамасында болған. Ақсу қаласының маңындағы Ленинский-Курчатов және Ақсу-Үштерек автожолдарының қиылысында Toyota Corona және Audi-80 автокөліктері соқтығысқан.

Апат салдарынан 2021 жылы туған Audi-80 автокөлігінің 2 жасар жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан жан тапсырды.

Audi-80 жүргізушісі, 29 жастағы және 28 жастағы жолаушылар жарақат алып, Ақсу қаласының ауруханасына жатқызылды.

Автокөліктер айып тұрағына қойылды.