Бүгін әлеуметтік желілерде белгісіз ер адам Алматыдағы Шолохов көшесіндегі дүкендердің біріне әйелдің басы салынған пакет тастап кеткені жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 08:42-де 102 пультіне Шолохов көшесінде қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексеріп, әйелдің басы кесілгенін анықтады.
«Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған», делінген хабарламада.
Полиция біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.