Әлем чемпионы атағы үшін таласып жатқан Ресей шахматшысы Ян Непомнящий мен Қытай шахматшысы Дин Лижэнь үшінші партияны өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жолғы ойында ешкім жеңген жоқ. Ал жалпы есеп 2:1. Әзірге Ресей шахматшысы Ян Непомнящийдің ұпайы көп.
Ереже бойынша, шахматшылар жалпы саны 14 партия ойнайды. 7 ұпайдан артық жинаған спортшы әлем чемпионы атанады. Ұпай саны тең болған жағдайда қосымша партиялар болады.