Татарстанның Жоғарғы соты Қазан қаласындағы мектептердің біріне қару әкеліп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған Ильназ Галявиевті өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Ильназ Галявиев өмір бойына бас бостандығынан айырылып, өз жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтесін», деді үкімді оқыған судья.
Еске сала кетсек, Қазан қаласындағы №175 гимназияның бұрынғы оқушысы Галявиев 2021 жылдың 11 мамырында аталған білім ошағында атыс ұйымдастырған.
Оқиға салдарынан 7 оқушы мен 2 мұғалім көз жұмды.
Іс бойынша 667 адам жәбірленуші деп танылды. Сотта Галявиев өз кінәсін мойындады.