Notifight.com порталының шолушысы, сарапшы Людо Саенс WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен канадалық Стивен Батлердің алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сарапшының пайымдауынша, алдағы титулдық жекпе-жекте Әлімханұлы өз қарсыласын нокаутпен жеңуі мүмкін. ️ ️
«Жәнібек Әлімханұлына қарсылас табу қиын. Тіпті үміткерлерді таңдау да қиынға соғады. Алайда, Стивен Батлер осал қарсылас емес. Оның тәжірбиесі көп және рейтингте үздік ондыққа кіреді. Осы жекпе-жекте Әлімханұлы «фаворит» болатыны сөзсіз. Мерзімінен бұрын жеңіске жету ықтималдығы жоғары, бірақ оған босаңсуға болмайды. Қарсыласты жете бағаламау сәтсіздікке әкелуі мүмкін», деді сарапшы.