Оқиға Ескелді ауданында болған. Онда Алдабергенов ауылының жанындағы автожолда Toyota Prado мен Toyota Camry соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнында жеңіл автокөлікті басқарған 47 жастағы ер адам қаза тапты. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолаушысымен бірге аудандық ауруханаға ауыр дене жарақаттарымен жеткізілді.
Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.