Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жұмыс сапарымен Ұлытау облысына баратыны белгілі болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысы сапар барысында:
- Жезқазған жылу-электр орталығы және басқа да коммуналдық нысандардың жұмысын тексереді;
- өңірдің көлік-логистика әлеуетінің дамуымен, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорын мен әлеуметтік мекеменің қызметімен танысады.
Премьер-министрге Жезқазған қаласын дамытудың бас жоспары таныстырылады деп жоспарланған.