Ян Непомнящий шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың бесінші партиясында Дин Лижэньді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақ тастармен ойнаған Ресейлік шахматшы Ян Непомнящий матчтың бесінші партиясында қытайлық Дин Лижэньді жеңді.
Жалпы нәтиже бойынша Непомнящий алда келеді. Есеп - 3:2. Лижэннің 37-ші қадамда жіберген қателігі орыс шахматшысын жеңіске жеткізді.
Ал алтыншы партия жексенбі, 16 сәуірде өтеді.
Ереже бойынша шахматшылар 14 партия өткізеді. 7 ұпайдан артық жинаған спортшы әлем чемпионы атанады. Ұпай саны тең болған жағдайда қосымша партия өткізіледі.