• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жастар 16 Сәуір, 2023

Жастардың жақсылық жәрмеңкесі

355 рет
көрсетілді

Сәтбаев қаласының Санжар Сланбек есімді жасөспірімі екі айдан бері Түр­кия­да ем қа­былдап жатыр. Ол 2016 жылы туған. Ауыр нау­қасқа ұшыраған оның емақысы да әжептәуір соманы құрайды екен.

Жексенбіде қаланың белсенді жас­тары, жас кәсіпкерлер мен блогерлер Сан­жар­ға жәр­дем­десу мақсатында жәр­меңке өткізді. Олар жәр­меңкеге қара­пайым күнделікті тұтынатын заттарды сату­ға шығарып, жиналған қаражатты Санжардың еміне аударды.

Жәрмеңкеге қала әкімі Шапағат Әубәкір арнайы ат басын бұра келді. «Қаланы аралап жүргенде көше бойынан жастардың жарнамасын көзім шалып қалған еді. Сондықтан аз да болса үлесімді қосайын деп келдім», деген қала басшысы бірнеше оқу құралын, т.б. заттар сатып алды. Ол сол жерде тұрып телефон арқылы Санжардың өзі­мен сөйлесіп, тезірек сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді.

Жастардың жақсылық жәрмеңкесінде 1 млн теңгеден аса қаражат жиналыпты. «Көп түкірсе – көл» деген осы.

 

Абдолла ДАСТАНОВ,

журналист

 

Ұлытау облысы,

Сәтбаев қаласы