• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Есірткі 17 Сәуір, 2023

Алматыда танымал блогер есірткімен ұсталды

1494 рет
көрсетілді

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде танымал блогер есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері Алматының Медеу ауданында орналасқан түнгі клубтардың бірінде полицияның арнайы жасағы мен ЕҚқКБ-ның жедел қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізді. Оны қалалық Прокуратура «Есірткі бизнесімен күрес» жобасы аясында үйлестірді.

«Түнгі сағат 2-де түнгі клубта 19 жастағы Т. есімді азамат ұсталды, оның шалбарының оң қалтасынан көк изолентаға оралған, синтетикалық зат салынған үш бума табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл мефедрон психоактивті заты. Есірткінің нақты тиесілігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр», деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.