• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 18 Сәуір, 2023

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі тағайындалды

410 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлім Байел 1984 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Таяу Шығыс техникалық университетін (Анкара, Түркия) бизнесті басқару мамандығы бойынша бітірген. Джордж Вашингтон университетін (Вашингтон, АҚШ) мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жастар кадр резервінің мүшесі. Ана тілінен бөлек, ағылшын, орыс, түрік және әзербайжан тілдерін жетік меңгерген.

2012-2014 жылдары – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің сарапшысы;

2014-2015 жылдары – Түркі академиясының халықаралық қатынастар орталығының директоры;

2016 жылы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы;

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, Стратегиялық даму департаментінің басшысы;

2018-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің саяси мәселелер жөніндегі бірінші хатшысы;

2020 жылдың 1 наурызынан бастап – Ыстанбұлдағы Қазақстан Республикасының Бас консулы қызметінде болған. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.