• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Сәуір, 2023

Шетел азаматын 45 мың теңгеге алдаған такси жүргізушісі ұсталды

445 рет
көрсетілді

Алматыда шетел азаматын әуежайдан қонақүйге 45 мың теңгеге апарған таксист ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 18 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Lufthansa әуекомпаниясының «Франкфурт – Алматы» бағытындағы рейсімен келген 43 жастағы Германия азаматы шағымданған. Ол өзін әуежайдан қонақүйге жоғары бағамен, яғни 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұраған. Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында такси жүргізушісін анықтады. Ол Алматының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам Германия азаматына такси қызметін ұсынып, Алматы қаласының халықаралық әуежайынан қаладағы Қонаев көшесінде орналасқан қонақүйге апарғаны үшін жоғары төлем алған.

Такси жүргізушісі келтірген шығынды өтеді. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Германия азаматы көлік полицейлеріне жоғары кәсібилік танытқандары және қаражатын кері қайтарып алуға көмектескендері үшін алғыс айтты.