• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Дін 19 Сәуір, 2023

Қандай заттардан зекет берілмейді?

572 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі қажеттілікке жататын заттардан зекет берілмейді.

Олар:

Баспанасы,үй жиһаздары мен пайдаланатын құралдары; Ғылым адамдарының кітаптары мен өнер адамдарының аспаптары;  Өзі және әйелі мен балаларына жететін бір айлық (басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері; Өзі және отбасының киетін киімдері; Дәрі-дәрмектер; Егістік және шаруашылықта қолданатын трактор, комбайн, мінетін көлік сияқты техника мен құрал-саймандарынан зекет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен жалданып, ақша табатын болса тапқан ақшасынан зекет алынады.