Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгінге дейін шетелге заңсыз шығарылған 670 миллиард теңгеге жуық актив қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінге дейін 670 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Бұл ресми деректер. Бұл ақпаратты Бас прокуратура беріп отыр», деді Ерұлан Жамаубаев.
2022 жылдың қарашасында Бас прокуратура 630 млрд теңге сомасын атады.
2022 жылдың 20 қазанында ҚР Премьер-министрі жемқор шенеуніктерден тәркіленген 100 миллиард теңге қараша айында салынып жатқан мектеп құрылысына бағытталатынын айтқан еді.