• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2023

Сәуірдегі қыс: Астананың қарын күреуге 2 300 жұмысшы тартылды

401 рет
көрсетілді

Өткен түнде елордадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 сәуірге қараған түні коммуналдық қызмет Астанадан 41 164 текше метр қар шығарды, бұл 2 766 ауыр жүк көлеміне тең.

Таңертең елорда жолдары мен көшелерін 2 300 жол жұмысшысы тазалады, қар күреу барысында мыңнан астам арнайы техника пайдаланды.

Жалпы, қыс басталғалы бері қаладан 4,2 млн текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 333 577 рейс жасалды.

Еске сала кетсек, сәуір айының ортасында елордада толассыз қар жауды. Бір апта ішінде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі есе асып түсті.