• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Пікір 20 Сәуір, 2023

Мәслихат іскерлігімен маңызды

280 рет
көрсетілді

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте, сонымен қатар Үкімет отырыстары мен халыққа жолдаулары, өңірлерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңестерде сөйлеген сөздерінен Мемлекет басшысының елдегі жағдайдан жан-жақты хабардар екенін байқауға болады.

Әкімшіліктің мәліметтерді жедел жинап, ұсыныс беретіні түсі­нікті. Өкінішке қарай, Пре­зиденттің кей тапсыр­ма­ларының орындалмау не болмаса қағаз жүзінде ғана орындалу үрдісі бар. Проблемалы факторлар да орын алып жатыр: бір жағынан қолайсыз конъюнктура, екінші жа­ғы­нан атқамінерліктің дәс­түрлі іріткісі. Мемлекет бас­­шысының Үкіметтің не бол­маса министрліктердің сы­лап-сипаған цифрларына қа­ра­мас­тан қандай міндеттерге жіті назар аудару қажеттігін еске салып отыруы үшін «қолмен» басқару режіміне баруға мәжбүр екені түсінікті. Президентте шенеуніктер толыққанды және жария етуге құлықты емес аспектілерді қамтитын ақпа­рат бар. Мемлекет басшысы халықпен кері байланыс мәсе­лесіне де жіті назар аударып отыр.

Президенттің қатысуымен өткен кеңеске барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының шақырылуы жайдан-жай емес. Мәслихат – халық пен жергілікті деңгейдегі мемлекеттің өзара іс-қимылының бірінші негіз­гі жолы. Кейінгі жылдары мәслихаттардың диалог жүйесінен сырт қалғанын көріп отырмыз. Сайлау өткеннен кейін оларды ұмытатын едік және мәслихаттың тыңдау өткізуі немесе әкімдіктердің жұмысын бақылағаны айрықша біліне бермейтін. Сондықтан да өткен жылы саяси конституциялық реформа аясында мәслихатты жа­сақтау тәртібі өзгерді, олар­дың өкілеттігі кеңейді. Бүгін­де мәслихатқа үлкен мәсе­­лелер тәуелді: сол себепті де олар әкімдік шешім­де­рін мақұлдайтын филиал емес, олардың жергілікті жерде ше­шілу жолдарын өзектен­ді­ре­тін және бақылайтын органға айналуға тиіс. Президент те кеңеске жиналған мәслихат өкілдеріне олардың бірінші кезектегі міндеті жергілікті тұрғындардың мүддесін қор­ғау екендігін, жеңіл-желпі таны­малдыққа бой алдырмау керек­тігін айтты.

 

Данияр ӘШІМБАЕВ,

саясаттанушы