Оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат теракт ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сонымен қатар ведомство астанада радикалды діни ұяшықтың бейтараптандырылғанын мәлім етті. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.
Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
«Аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығулары өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды. Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді», делінген хабарламада.