• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2023

Теміртауда жаяу жүргінші көлік астына түсіп, мерт болды

424 рет
көрсетілді

Теміртау қаласының 40 жастағы тұрғынын көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 21 сәуір күні 21:25 шамасында Теміртау қаласындағы Чернышевский көшесінің бойында болған. 40 жастағы ер адамды 20 жастағы жігіт басқарып келе жатқан «Hyundai Creta» көлігі қағып кеткен. Ер адам жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын жерден жолды қиып өткен.

«Оқиға салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады. Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады», делінген Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.