• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Музей 23 Сәуір, 2023

Ұлттық музейдің жаңа екі залы

403 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейде «Қолөнершілер орталығы» мен «Палеонтология» залының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатына Мәде­ниет және спорт министрі Асхат Оралов, респуб­лика­лық және облыстық музей басшы­лары, ғалымдар мен қоғам қайрат­кер­лері қатысты.

«Қолөнершілер орталығын­да» елі­міздің заманауи шебер­лері жасаған үздік сәндік-қолдан­балы өнер туындылары жұрт­шы­лық назарына ұсынылды. Ұлы Жі­бек жолы бойындағы кө­не шаһарлардың көркем үлгі­сімен жасалған ор­та­лыққа келген қонақтар қолөнер бұйым­дарын тамашалап, ұнаған туындыларды сатып алуға мүмкіндік алды.

Ал «Палеонтология» залында Қазақ­стан аумағынан табыл­ған тираннозавр, үш саусақты гиппарион жылқысы, үлкен мү­йізді бұғы, алып мүйізтұмсық (индрикотерий), мамонт секілді ежелгі та­рихқа дейінгі кезең жануарлары мен па­леонтолог­тар, геологтар тапқан басқа да тір­шілік иелерінің қаңқалары жи­нақталды. Заманауи ақпа­рат­тық құ­ралдармен жабдық­талған орта­лықты даярлау барысында Париждегі Палеонто­ло­гия музейінің, Лондон мен Берлиндегі Жаратылыс­тану музейлері се­кілді әлемдегі ал­дың­ғы қатарлы орта­лықтардың тәжірибелері ескеріліпті. Соны­мен қатар залдың ғылыми тұ­жы­­­рымдамасын дайындауға отан­­дық және шетелдік танымал па­леонтолог ғалымдар тартылған.

«Палеонтология залы мен қол­­өнер шеберлері орталығы­ның ашы­луы – Ұлт­тық музей үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін ма­ңызды оқиға. Бірегей экспозиция келушілерге біздің зама­нымызға дейінгі еліміздің тарихын көрсетіп қана қоймай, отандық палеонтология үшін маңызды орынға айналатыны­на сенімдімін. Ал қолөнер ше­бер­лерінің орталығы біздің сурет­шілерімізге ұлтымыздың бай мәде­ниеті туралы мәлімдеме жасауға, сәндік-қол­данбалы өнер шеберлеріне өзара тәжі­рибе ал­масуға мүмкіндік береді және жал­пы елімізде музей марке­­тин­гі мен менедж­ментін дамыту­ға қызмет етеді», деп атап өтті Асхат Оралов.