• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2023

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы сотталды

1348 рет
көрсетілді

Алмалы аудандық сотының үкімімен ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот үкімімен оған ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігімен 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры арнайы атағынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, кеше, 24 сәуірде Алматы әуежайының желілік полиция басқармасының экс-басшысы да 6 жылға сотталды. Сот үкімімен Талғат Тәліпов қаңтар оқиғасы кезінде билігі мен өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылды.