ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 25 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 13:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісің ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 1874 км қашықтықта орналасқан.
Энергетикалық санаты – 11,3.
MPV магнитудасы – 5,4.
Тереңдігі – 10 км.
MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісі Маңғыстау облысы, Қызан және Тұщықұдықта сезілген.