Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 07:48-де тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Саймбейлі ауданында орналасқан. Қайнар көзі 7 км тереңдікте жатыр.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл).
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.
Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, атап айтқанда Сирия, Ливан, Солтүстік Корея, Грекия Кипрінде және Иракта сезілді.