• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Медицина 26 Сәуір, 2023

Тіс емдеудің тың тәсілі

311 рет
көрсетілді

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, PhD, биолог-генетик Бауыржан Айтуов тіс эмалін қалпына келтіретін «InnoDent» технологиясын ойлап тапты. Тың технология тіске түсе бастаған дақ түріндегі кариесті емдеуге мүмкіндік береді.

Бауыржан әріптестерімен бірге бұзылған эмалді қал­пына келтіру үшін амин қыш­қылдарынан амелогенин ақуызын жасанды түрде синтездеген. Ғалымның айтуынша, оны кариестің алғашқы сатысында тіске тамызса, бір ай ішінде тіс эмалі қалпына келеді. Осылайша, дәрі тіс жегісін бұрғылаусыз, операциясыз емдеуге мүмкіндік береді.

Өнертапқыштың технологиясы патенттелген. Қазіргі таңда бұл препаратты тек елде ғана емес, шетелде де қол­данады. Елімізде Алматы мен Астананың тіс емханалары пайдаланып жүр.

Бауыржан Айтуов «Бола­шақ» бағдарламасымен Йорк университетінде ге­не­ти­ка саласындағы ба­ка­­лавр дәре­жесін алған. Елге оралғаннан кейін оқуын Еуразия ұлт­тық уни­верси­тетінде жалғас­тырып, онда магистр және кейін­нен доктор дәрежесін иеленді. 2011-2014 жылдары Nazarbayev University-де қызмет атқарған.

Бүгінде жас ғалым әр­түр­лі биотехнологиялық жаңа­лықтарды ашумен айналасып жатыр. Сондай-ақ Бауыржан – «InnoDent» және «Center for BioEnergy Research» ком­­панияларының негізін қалаушы.