• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Пікір 26 Сәуір, 2023

Мемлекеттік қолдау қажет

258 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессия­сында ҚХА жұмысын жақсарту, оның қоғамдық құрылымдарының – этномәдени бірлестіктердің, аналар кеңесінің, ақсақалдар кеңесінің, «Ассамблеясы жастары» жастар қанатының, кәсіпкерлер қауымдастығының және басқа да құрылымдарының жұмысын жетілдіру жолдары жан-жақты талқыға салынды.

Айтылған ой-пікір, ұсыныстар біртіндеп орындалады деп ойлаймын.

Қайырымдылық істерімен 20 жылдан астам уақыттан бері айналысып келе жатқан адам ретінде осы алаңды пайдалана отырып мен де бір ұсыныс жасадым.

Еліміздегі барлық қайырымдылық ұйымдары, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қайырымдылық клубтары мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-әрекеттестік жасауда қиындықтарға тап болып жатады. Біз – көмекке мұқтаж жандар болса, кез келген уақытта жәрдем қолын созуға дайынбыз. Десе де көбіне-көп мемлекеттік құрылымдар тарапынан қолдау жағы кемшін. Біз қаржылық қолдау сұрамаймыз. Бар болғаны өзіміздің іс-шараларымызды өткізуге ұйымдастырушылық жағынан қолдау болғанын қалаймыз. Бар сұрайтынымыз осы.

Жалпы, Ассамблея еліміздегі барлық мектепке дейінгі мекемелерде білім беру, тәрбие беру ісін жаппай қазақ тілінде ұйымдастыру мәсе­лесін қолдап, осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. 

 

Алла КУВШИНОВА,

ҚХА қайырымдылық клубының төрағасы

 

Солтүстік Қазақстан облысы