Бүгін Палата Спикері Ерлан Қошанов бастаған Мәжіліс депутаттары «Жасыл Астана» экологиялық науқаны аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мәжілісмендер Ұлы Дала даңғылының бойына қарағай, балқарағай, жөке, қарағаштың 110 түп көшетін отырғызды», делінген Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, бүгін елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Қалалық ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинады. Сондай-ақ су айдындары маңын тазартты.