Қазақстан боксшысы Фируза Шәріпова OCTAGON 44 турнирінде ресейлік қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше Алматыда OCTAGON 44 турнирі өтті. Онда 28 жастағы боксшы Ф.Шәріпова 22 жастағы ресейлік Илона Бондаренкомен жұдырықтасты.
Қазақстан спортшысы бұған дейін екі жекпе-жегінің алғашқы раундында-ақ жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы да дәстүрден жаңылған жоқ. Ф.Шәріпова бірден шабуылға шығып, қарсыласына бірнеше соққы жасады. Ол кездесудің 13-секундында қарсыласын нокаутқа түсірді.