• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2014

Шалқар көлінің суы неге лас?

408 рет
көрсетілді

Сіз не дейсіз? Қазіргі кезде демалыс күндері облыс аумағындағы Шалқар көліне демалуға, шомылуға баратындардың санында есеп жоқ. Ал демалу­шылар соңғы жексен­­­­­­біде көл жағасына келген кезде күтпеген тосын құбы­лысқа тап болды. Жаға­дағы су қап-қара болып лайлан­ған. Қоюланған. Оны одан әрі кешіп, алға қарай жүр­генде шомылушылар ағаш үгін­ділеріне ұқсас уақ қалдық­тар­ды көрді. Бұл нендей құбы­лыс? Мұны неге жоритынын білмей, бәрі де аң-таң болды. «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Темір Құсайын Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы  Сырым Тілегеновке: – Сіз бұған не дейсіз? – Біздің департаменттің зертханалық талдау бөлімінің мамандары көл суы құрамының сынамасын алды. Сол кезде мұнда фенол, тағы да басқа зиянды өлшеуіш заттардың шектен тыс көбейіп кеткені анықталды. Бұл – балдырлар мен судағы өзге де өсімдіктердің шіруінен пайда болатын құбылыс. Бұған әсер ететін фактор – күннің ысып кетуі. Сөйтіп, көл шеті мен оның іргесіндегі қамыс пен қоғаның түгі мен мамығы ұшып, біраз мөлшерде су беті мен айдынына таралып кеткен. Әрине, мұны бактериологиялық құбылыс деп қарастыруға болмайды. Негізінен, бұл – табиғи жайт. Шалқар көлінде орын алған мұндай өзгерісті мұнай қалдықтарының түсуімен байланыстырып жүрген тұрғындар да бар екен. Алынған су сынамасы құрамында мұндай деректер анықталған жоқ. Бұл сауалға Ба­тыс Қазақ­стан облысы тұ­­­тынушылар құқы­ғын қорғау жөніндегі департа­мент басшысы Серік­бай Иман­құл былайша жауап қайтарды: – Біз Шалқар көлі айдынында пайда болған теріс өзгеріске байланысты оған арнайы бригада жіберген едік. Оның құрамында микробиолог, бактериолог және сараптама бөлімінің мамандары болды. Жүргізілген тексерулер мен зерттеулер су құрамында адам ағзасына тікелей қауіп төндіретін факторлардың жоқ екенін анықтады. Сәл иіс те, су құрамындағы оттегінің белгілі бір мөлшерде азаюы да байқалады. Осы сәтті пайдалана отырып, облыс тұрғындарына әзірге суға шомылуды тоқтата тұруға кеңес береміз. Батыс Қазақстан облысы.