• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Мамыр, 2023

Еліміздің екі ірі қаласында ауа ластанады

252 рет
көрсетілді

2 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, бүгін еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Астана мен Алматыда ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.