• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2014

Кәсіподақ ұйымының шарапаты

319 рет
көрсетілді

ENRC-дің құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ фил­иа­лы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында арнайы ұжымдық еңбек келісімшартын жасасу бір­неше жылдан бері дәстүрге айналып отыр. Осы ұжымдық келісімшартта кәсіпорын ең­бек­керлеріне әлеуметтік жеңіл­діктер молынан қарал­ған. Олар соған сәйкес өз­деріне тиісті жеңілдіктерін, көр­сетілген көмектерді, жалақы­­­ларын дер кезінде алады. Осы ұжымдық келісімшарт бойынша жұмыс­шыларды тұрғын үймен қам­тамасыз етуге арналған бағ­дарлама 2006 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. 60 жұ­мыс­шы бағдарлама аясында «Батыс -2» ауданында салынған 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйден бас­паналы болса, тағы 10 жұмысшы пәтерлерге жеңіл­детілген бір пайыздық несие­мен қол жеткізді. Олардың басым көпшілігі өндіріске аса қажетті жас мамандар. Солардың бірі ­­­­­­– шикіқұрам дайындау цехының кран машинисі Жаңыл Хакимова. ­­­­­­– Мен көп жылдан бері шикіқұрам дайындау цехында кран машинисі болып еңбек етіп келемін. Баспаналы болу бүгінгі күні өзекті мәселесі болып тұрғаны шындық. Көптен бері екі баламмен пәтер жалдап тұратын едік. Міне, заман талабына сай салынған жаңа үйден бір пайыздық несиемен екі бөлмелі пәтерге қол жеткіздім. Бұл қарапайым еңбек адамына компания тарапынан көрсетілген үлкен көмек деп есептеймін, ­­­­­­– дейді ол. Компанияның еңбек адамдарына ұжымдықшарт бойынша еңбекақы төлеу, еңбек және демалыс тәртіптері, түрлі емдеу-сауықтыру орындарында ем алып, денсаулықтарын түзетуге де мүмкіндіктер қа­ра­стырылған. Сауықтыру санаторийлерінде емделген жұ­мысшылардың жолдама құны­ның белгілі бір бөлігін кәсіп­одақ ұйымы төлейді. Тіпті, жұ­мысшылардың бала­ларының жазғ­ы демалыстарын тиімді, қы­зықты өткізуге де қолдау жасауы дағдыға айналды. Өткен жылы 483 зауыт балалары жазғы дем­алыстарын ұтымды пайдаланды, оның 280-і Хромтаудағы «Мұғалжар» лагерінде, 123-і Ақтөбе қаласындағы «Юкон» профилакторийінде денсаулықтарын қалпына кел­тірсе, 80 бала «Береке» лагерін­де тынықты. Cондай-ақ, ұжымдық шартта әртүрлі әлеуметтік кепіл­діктер, жеңілдіктер, көмектер, өтемақылар қарас­­тырылған. Компания бөлімшелеріне тікелей балалар үйінен немесе оқу орнын аяқтай сала жұмысқа келген жетім бала­ларға 20 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы жәрдемақы төлеу, 1 қыркүйек ­­­­­­– Білім күніне қарсы 18 жасқа дейін 4 немесе одан да көп баласы бар жұмысшыларға, жасына қарамай мүгедек балалар мен күндізгі бөлімде оқитын студенттерді қоса есептегенде бір оқушыға 10 ең төменгі есептік көрсеткіші көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, қарауында 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар компания жұмысшысына мүгедек баласына 2 МЕК көлемінде жәрдемақы, еңбек өтілімі 10 жыл немесе одан да көп үздіксіз еңбек еткен ерлерге 50 мен 60 жас, әйелдерге 50 мен 55 жас мерейтой иелеріне орташа айлық жалақы көлемінде біржолғы сыйақы төленеді. Кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік жағдайын көтеруге қайтарымды қаржы көмегі көрсетіледі. Яғни емделуге, оқуға, тұрмыстық жағдайын жақсартуға қаражат бөлінеді. Отбасы мүшелерінің қазасында Қазақстан Республикасы бо­йын­ша 25 ең төменгі көр­сет­кіш көлемінде көмек көр­сетіледі. Ардагерлер кеңесінде есепте тұрған ҰОС және ең­бек, Ауғанстан соғысы арда­герлеріне, Чернобыль АЭС апатына қатысқандарға да осындай материалдық қамқорлық жасалады. Осындай жеңілдіктерге өткен жылы тек қана зауыт кәсіподақ ұйымынан 36 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпорындағы кәсіподақ ұйымының рөлі айрықша, ал зауыттықтар ұжымдық шартта көрсетілген жеңілдіктердің игілігін көріп келеді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».­ ­­­­­­­­ Ақтөбе облысы.