• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Мамыр, 2023

Елордада діни сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

326 рет
көрсетілді

Астанада діндар әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында биылғы жылдың 24-28 сәуірінде Астана қаласында әйелдер арасында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.  Сонымен қатар діндар әйелдер арасында діни эстремизмнің таралуын алдын алуға бағыттылған әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде студенттер, әйел жамағаты, қызметкер, психологтармен бірқатар іс-шара мен кездесу өтті.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Т.З.Қожахметова, Р.А.Талипбекова, Р.Солтан, Ж.А.Садықова, З.Б.Малғараева қатысты.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, «Шабыт» ҚазҰӨУ және Республикалық Медицина Академиясының медициналық колледжі, З.Ғ.Мырзағұлова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі, Шипагер медициналық  колледжі және Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжінің студенттерімен, Әзірет Сұлтан, Әл-Фараби, Сәдуақас Ғылмани, Әлжан Ана мешіттері және Республикалық Бас мешітінің әйел жамағатымен,  «Оқушылар сарайы» орта оқу орындарында психологтармен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлерімен, Діндерді зерттеу орталығында «Жусан» операциясы аясында елге оралған әйелдермен кездесу іс-шаралары ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шараларда дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелері мен мемлекет дамуының зайырлылық принциптері туралы, сондай-ақ деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін, сондай-ақ жастар мен әйелдер арасында діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Жиын соңында РАТТ мүшелері тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.