• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2014

Жеткіншектерге арналған журнал

476 рет
көрсетілді

Республика жасөспірім­дерінің жүрегіне жол тарту­ды мақсат еткен «Таймас» жур­налының тұсаукесер рәсімі «Тәуелсіздік» сарайында өтті. Бұған дейін отандық телеар­наларда ұлт мәдениетін дәріп­теу мақсатында «Өнер шежі­ресі», «Қазақстан би әлемі» бағ­дарламаларымен ел ықыла­сына бөленіп жүрген «J-Group Production» ұжымы «Таймас» журналы арқылы талай қазақ баласының талғамы мен танымын өзгерткісі келеді. Бү­гін­гі ұрпаққа көнеден келе жат­қан сарқылмайтын құнды­лық­тарымызды заманауи тілде жет­кізіп, журналдың қызықты айдарларымен ой бөлісуге шақырады. Өз сөзінде журналдың мақсат-мүддесімен толықтай таныстыра кеткен «J-Group Production» қоғамдық қорының төрайымы Ана Шакерхан басылым болаша­ғынан үлкен үміт күтетінін айтты. Игі істердің жанында жүретін Сенат депутаты Светлана Жалмағанбетова жастардың журнал бетінде ой бөлісуі, ертеңге деген нық сенімі сүйсіндіреді, – деді. Журналдың қолға тиген ал­ғашқы санынан-ақ жаңа леп, тың идеялардың ұшқыны қылаң береді. Жансая Әбдімәлік, Асылхан Төлепов сынды жас дарындардың сыр-сұхбаты, Астана туралы қысқа да нұсқа деректер, таным көкжиегін кеңей­тер әлем мәдениеті туралы дүниелер оқырман назарынан тыс қала қоймайды. Елордамызда алғаш рет жарық көрген ғылыми-танымдық жасөспірімдер журналына журналистер қауымы тұғы­рынан таймасын деген тілектерін айтып тарасты. Динара МӘЛІКОВА.