«Ақорда» резиденциясында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның әнұрандары орындалды.