Меркі ауылының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген Пәкістан Ислам Республикасының 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілерге қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы қолданылды.