• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 08 Мамыр, 2023

Медеудегі төтенше жағдай кезінде өрт сөндіруші қаза тапты

409 рет
көрсетілді

Алматы қаласында Медеуде тұтанған отпен күрес кезінде өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арслан Жолдасбекұлы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы тау бөктерінде өрт сөндіруге жұмылдырылған топ құрамында болған.

«Қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Жолдасбекұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол туралы жақсы естелік, өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді», делінген ресми хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, өрт сөндіруші жанып жатқан ағаш дінінің құлауы салдарынан қайтыс болған.