• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 11 Мамыр, 2023

Бокстан ӘЧ: Қазақстанның бес боксшысы жартылай финалға шықты

1426 рет
көрсетілді

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен бокстан әлем біріншілігінде барлық ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бес өкілі 2023 жылғы әлем чемпионатының финалдық сынына шығуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы кездесулердің нәтижелеріне қарамастан, Қазақстанның бес былғары қолғап шебері кем дегенде қола жүлдеге кепілдік алды.

48 кг: Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) - Эдмонд Худоян (Ресей)

54 кг: Махмуд Сабырхан (Қазақстан) - Йосвани Вейтия (Куба)

67 кг: Лаша Гурули (Грузия) - Дулат Бекбауов (Қазақстан)

71 келі: Нишант Дев (Үндістан) - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан)

80 кг: Имам Хатаев (Ресей) - Нұрбек Оралбай (Қазақстан).

Жартылай финалда барлығы 18 елден 52 боксшы өнер көрсетеді. Осы кезеңдегі қатысушылар саны бойынша Қазақстан 5 боксшымен төртінші орында тұр. 

Ташкент рингіндегі 2023 жылғы әлем чемпионатының барлық жартылай финалы 12 мамырда өтеді.

 

Айта кетсек, соңғы жекпе-жек 13 мамырда өтеді.