• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Мамыр, 2023

«Кінәлілер жауапқа тартылады». Вице-министр Мырзахметовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

365 рет
көрсетілді

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова «Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министр адамның кінәсі сотта дәлелденгенге дейін кінәсіз деп саналатынын еске салды.

«Осы істің төңірегінде тиісті тергеулер жүргізіліп, сот шешімі шығарылуы тиіс. Қазір біздің тарапымыздан пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Заңнама бойынша жауапкершілік қарастырылған. Істің мән-жайы тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін белгілі болады. Кінәлілер жауапқа тартылады», деді Ботагөз Жақселекова.

Еске сала кетсек, кеше, 10 мамырда «Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің ұсталғаны туралы белгілі болды.