• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Мамыр, 2023

Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

377 рет
көрсетілді

Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

11 мамыр күні сағат 19:00 шамасында Қ.Мұхамедханов – Абай көшелерінің қиылысында Hyundai Sonata автокөлігі Honda мотоциклының жүргізушісімен соқтығысқан. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Мотоцикл жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.